Павлодар облысында жол апаттары салдарынан 3 адам қайтыс болды

 

 

Өткен демалыс күндері Павлодар өңірінде екі жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан екі ересек және бір бала көз жұмды дейді irbistv.kz тілшісі.

 

103 пультіне алғашқы ірі жол апаты туралы хабарлама 4 қазан күні кешке келді. Павлодардан Семей қаласына дейінгі трассада, Шарбақты ауылы маңында екі автомобиль соқтығысқан.

 

-Бұл жерде екі жедел жәрдем бригадасы мен жергілікті амбулаторияның медицина қызметкерлері жұмыс істеді. Апатта зардап шеккен, 39-жастағы ер адам дәрігерлер келгенше қайтыс болды. 60 жастағы әйел ауруханаға жетіп көз жұмды. Қалған алты адам түрлі жарақаттармен Аққулы аудандық орталық ауруханасына жеткізілді,-деп мәлім етті облыстық жедел жәрдем қызметінде.


Өзге жол-көлік оқиғасы 5 қазанда Шарбақты ауданындағы Шалдай және Чигириновка ауылдары арасындағы тас жолда орын алды.

 

өлік жүргізушісі аударылып, нәтижесінде 9 адам, оның ішінде бес бала зардап шекті. Өкінішке орай, апат орнында екі жасар бала қайтыс болды. 1 жастан 5 жасқа дейінгі төрт бала Шарбақты аудандық ауруханасына жеткізілді. Сондай-ақ, жедел жәрдем қызметі арқасында 1999 және 1970 жылы туған екі әйел дәрігерлер көмегіне жүгінді. Сондай-ақ, 60 жастағы ер адам мен 31 жастағы әйел Шарбақтыға жеткізілді,-деп мәлім етті облыстық жедел жәрдем қызметінде.

Фото: Freepik.com