Павлодар облысында жол апаты салдарынан 7 адам зардап шекті

 

 

Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

Оқиға 30 қараша күні «Қалқаман–Баянауыл–Керней» автожолында, Бірлік ауылынан 12 шақырым қашықтықта болған.

 

-Lada- 21703 және Lada-21723 маркалы екі авто соқтығысқан. Көліктер айып тұрағына қойылды. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеп-тексеру барысында анықталатын болады,-деп мәлім етті облыстық полиция департментінде.

 

Фото: Облыстық ПД