Павлодар облысында жол апатынан ер адам көз жұмды

 

 

Астана-Павлодар автожолының Қалқаман ауылы маңындағы жол көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші қаза болып, тағы екі адам түрлі жарақатпен ауруханаға хатқызылған деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Полиция аталған оқиға бойынша сараптама тағайындап, тексеру жүргізіп жатыр.

 

-11 сәуір күні түнгі уақытта Астана қаласының тұрғыны "Тойота Естима" минивенмен келе жатып, рөлге ие бола алмай, "КамАЗ" тіркемесінің артқы жағына соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Тойота" жүргізушісі сол жерде қайтыс болды. Екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Бұл факті бойынша тексеру жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Департаментте жеңіл автокөлік пен "КамАЗ" тіркемесі айыппұл тұрағына қойылғанын жеткізді.

 

Фото: Облыстық ПД