Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші көз жұмды

Павлодар – Астана тас жолында, Достық ауылы маңында Mitsubishi Pajero көлігі аударылып, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды деп хабарлайды irbistv.kz.

 

Полицияның мәліметінше, жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Ер адам алған жарақаттан жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.

 

Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Фото: pexels.com