• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодар облысында жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды

Павлодар облысында жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды

 

 

16 қараша күні Павлодар-Семей автожолының 20 шақырымында, Жертұмсық ауылының маңында "Лада Гранта" маркалы авто жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын сақтамай, "ЗИЛ-130В" жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысқан. Жедел түрде құтқарушылар шақырылып, мамандар жарақат алғандарды көліктерден шығарып, жәрдем көрсету бригадасына жіберген. Өкінішке орай, медицина мекемесіне жеткенде, 1961 жылы туған ер адам көз жұмған деп жеткізді өңірлік денсаулық сақтау басқармасында. Полиция тексеруде бастап кеткен.

 

алдарынан "Лада Гранта" көлігінің бір жолаушысы алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды, авто жүргізушісі және екінші жолаушысы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. ЖКО фактісі бойынша тексеру жүргізілуде, қажетті сараптамалар тағайындалды. Автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды, - деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.