Павлодар облысында жолда өрескел ереже бұзған Land Cruiser жүргізушісі көлік басқару құқығынан айырылды
Астана – Павлодар тасжолында Toyota Land Cruiser жүргізушісі басқа көлікті басып озбақ болып, жол қозғалысы ережелерін бұзып, қарсы бағыттағы жолаққа шыққан, деп хабарлайды irbistv.kz.
Құқық бұзушылық Астана – Павлодар автожолының 235-шақырымында тіркелді. Видеодан Toyota Land Cruiser жүргізушісінің бір маневрмен бірден үш көлікті басып озып, қарсы бағыттағы жолаққа шыққаны, жол таңбалары мен басып озуға тыйым салатын белгіні елемегені көрінеді.
– Жүргізушіге қатысты тиісті шаралар қабылданып, ол алты ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті.
Айта кетейік, жыл басынан бері полицейлер қарсы бағыттағы жолаққа шығудың 552 дерегінің жолын кесті.

