Павлодар облысында жоғалған 11 жастағы бала табылды
Павлодар облысының Аққулы ауылында 11 жастағы бала үйінен шығып кетіп, күн батқанша оралмаған. Баласының үйге келмегеніне алаңдаған анасы бірден полицияға хабарласқан деп хабарлайды irbistv.kz.
Аққулы ауылының тұрғыны бірден полицейлерге жүгінген. Анасы кеш батып кеткенін және баласының уақытты бағдарлай алмайтынын айтып, оны іздеуге көмек сұраған.
- Полиция қызметкері әйелдің тұрғылықты жеріне барып, ауылдағы сквер мен саябақты аралай бастаған. Сонымен қатар кезекші бөлімге хабар беріп, жеке құрамды іздеу жұмыстарына жұмылдырған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде бала саябақтан табылып, анасына тапсырылды, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінде.
