• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодар облысында ішіп алып, мотоцикл жүргізген ер адамға айыппұл салынды

Павлодар облысында ішіп алып, мотоцикл жүргізген ер адамға айыппұл салынды

Павлодар облысында демалыс күндері екі мотоцикл жүргізушісі мас күйінде ұсталды. Ақсу қаласында, Вокзальная көшесінде, полиция қызметкерлері үлкен жылдамдықпен келе жатқан екі доңғалақты көлікті тоқтатқан дейді irbistv.kz тілшісі Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйене отырып.

 

Мотоциклді жүргізіп келе жатқан 60 жастағы қала тұрғыны ішімдік ішкені анықталды. Сонымен қатар, Павлодар ауданы ауылдарының бірінде тағы бір мас жүргізуші ұсталды.

 

Екі жағдай бойынша да әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жіберілді. Мотоциклдер айып тұрағына қойылды. Жыл басынан бері осындай заң бұзушылықтар үшін мыңға жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған дейді ПД мамандары.