Павлодар облысындағы сілеусін фототұзаққа түсті

 

"Ертіс Орманы" табиғи резерватының мамандары жабайы аңдарды тіркеу барысында фототұзаққа сілеусін түсіп қалған дейді irbistv.kz тілшісі

 

Мысық тұқымдастардың бұл түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Қазақстан фаунасында кездесетін сілеусіннің үш түрінің біріне жатады. Азық іздеп, біршама жерге ауып кетуі мүмкін. Тіпті бір дегенде 30 шақырымға дейін бара алады. Күн сайын 2 келі ет азықты қажет етеді. Түнде белсенді. Кейде жалғыз да жүре береді. Бір дегенде екі-үштен туады. Негізгі азығы - қоян, суыр, елік, қабан, тауешкі. Үй жануарларын да аулай береді.

 

Орманшылар резерват аумағында фототұзақ құрылғыларын кеңінен қолдануда.

 

-Фототұзақ ішінде қозғалыс пен жылу датчиктері бар камерадан құралған. Бұл жабдық герметикалық корпустан тұрады, осылайша, қорғаныш қабатынан тұрады. Жануарлар қорықпайтындай, бүркемелеу түсі бар. Инфрақызыл жарықтандыру арқасында, түнгі түсірілімдерді де жүзеге асырады. Бұл құрылғы арқылы сирек кездесетін жануарларды зерттеп, санын анықтауда бүкіл әлемде қолданылады,-деп жеткізді "Ертіс Орманы" табиғи резерватында.

 

Фото: Freepik.com