Павлодар облысындағы тасжолда орын алған жол апатынан бір жолаушы зардап шекті
«112» операторының пультіне хабарлама 24 қараша күні сағат 19:30-да түскен. Апат Қызылорда – Павлодар автожолының Пограничник ауылы маңындағы бөлігінде тіркелді.
— Оқиға салдарынан автокөліктің бір жолаушысы зардап шекті. Оқиға орнына ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының жедел ден қою бригадасы шұғыл жетті. Мамандар зардап шегушіні қарап, қажетті алғашқы көмек көрсетті және оны Павлодар қалалық 1-ауруханасына госпитализациялады, — деп хабарлады Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

