• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодар облысының бұрыңғы әкімі Болат Бақауов жол-көлік оқиғасына қатысты сотта жеңіске жетті

Павлодар облысының бұрыңғы әкімі Болат Бақауов жол-көлік оқиғасына қатысты сотта жеңіске жетті

 

 

 

Ақпанның 14-і күні тас жолда екі «Lexus» пен «Газель» соқтығысты. Зардап шегуші Болат Бақауов сот отырысында жол талғамайтын көлікті басып озуға шыққанда оның да солай қарай бағытталғанын айтты. Осыған байланысты апат орын алды дейді. Алайда, өзге жүргізуші экс-облыс әкімі отырған көлік мұз басқан жолда тайғанап, салдарынан жол көлік оқиғасы орын алған деп сендірді. Іс бойынша жиналған дәлелдемелерді ескере отырып, сот бұрынғы шенеуніктің жағына шықты.

 

- Сот көлік құралын басқару құқығынан 2 жыл мерзімге айыра отырып, 30 АЕК көлемінде 91890 теңге айыппұл түрінде жаза тағайындады. Жәбірленушінің моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылды. Сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына 300 мың теңге өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.-деп мәлім етті Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Агидель Ибраева.

 

Айта кеткен жөн, Болат Бақауов келтірілген моральдық зиян үшін өтемақы сұрады. Ол жол-көлік оқиғасы салдарынан ашуланшақтық, тітіркену, шарасыздық пен оқиға орнында түсірілген бейненің БАҚ-датарауынан ыңғайсыздық сезінгенімен түсіндірген.

 

Фото: bbakauov атты Instagram парақшасынан алынды