• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодар облысының өрт сөндірушілері жанып жатқан ғимараттан газ баллонын шығарды

Павлодар облысының өрт сөндірушілері жанып жатқан ғимараттан газ баллонын шығарды

 

 

Ақсу қаласындағы өрт сөндіру қызметі мамандары көпқабатты үйде орналасқан мейрамханадағы жарылысты алдын алды дейді irbistv.kz тілшісі.


30 қыркүйек күні сағат 17:48-де Ақсу қаласында бес қабатты тұрғын үйде орналасқан мейрамханалардың бірінде өрт шыққаны туралы 102 пультіне хабар түскен еді. Оқиға орнына жедел түрде мамандар жөнелтілді.

-Оқиға орнына келген сөндірушілер дереу өртті сөндіруге кірісті. Сонымен қатар, жарылысты алдын алу үшін ас үйге кіріп, көлемі 50 литр болатын екі газ баллоные шығарды. Өрт кезінде мейрамханада ешкім болмады, зардап шеккендер жоқ. Жалын 10 шаршы метр аумақты қамтыды. Өрт уақытынды ауыздықталды,-деді облыстық ТЖД.

 

Фото: облыстық ТЖД.