Павлодар тұрғынынан 77 бума есірткі тәркіленді

«Қарасора» жедел-профилактикалық операциясын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Павлодар қаласының 38 жастағы тұрғынын ұстады. Жеке тінту барысында сөмкесінен өсімдік тектес, сұр-жасыл түсті заты бар, 77 қағаз бума табылып, тәркіленді.

 

-Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, зерттеуге берілген заттар салмағы 30 грамнан асатын, кептірілген марихуана болып шықты. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлайды Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

 

Айту керек, «Қарасора» жедел-алдын алу операциясы 31 қазанға дейін жалғасады. Көрсетілген кезеңде жедел уәкілдер «Шідерті» және «Ақжол» бақылау пункттерінде қызметтік-іздестіру иттерін қолдана отырып, автокөлік құралдарын тексеруді жүзеге асыруда.