Павлодар тұрғыны туысын өлтіре жаздағаны үшін сотталды

Қылымыстық іс материалындарында көрсетілгендей туысқандар Паводардағы пәтерлердің бірінде ішімдік ішкен. Кейін жанжал шығып ол төбелеске ұласқан. Екіншісі ас үй пышағын ала жүгірген. Бірнеше соққы жасаған кезде ер адам ашық тұрған есіктен подъезге қарай құлап кеткен. Шуды естіген көршісі атып шығып күдіктіні жібермей ұстап алған. Жапа шегуші сотта ештеме айтпасада да күдіктіге айыптау үкімін шығарды.

-ҚК 24-баптың 3-бөлімі, 99-баптың 1-бөліміне сәйкес қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын,-деп үкім шығарды Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Нұрлан Айтбаев.

Ер адам денсаулыққа ауыр зиян келтіру дерегі бойынша үкім шығаруды сұрады, айта кету керек 2018 жылы оны дәл осындай баппен соттаған. Бүгін судья адам өлтіруге әрекеттену деген деректі қалдырды. Сонымен қатар бұрынғы қылмысы үшін үш ай қосып берді. Ол жазасын соңына дейін өтемеген екен.