Павлодар тұрғынынан Қызыл кітапқа енген 35 құс тәркіленді

Олардың арасында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген лашын, бүркіт және ительгі бар, деп хабарлайды irbistv.kz.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2017 жылдан бастап күдікті, жергілікті тұрғын, құс салудан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі бола тұра, Қарағандыда орналасқан өзінің жер үйі аумағында заңсыз питомник ұйымдастырған.

Павлодар облысы бойынша ҚМА департаментінің ақпаратынша, ол Instagram-дағы тақырыптық парақшаны пайдаланып, жабайы табиғаттан заңсыз ұсталған сирек кездесетін жыртқыш құстарды жеткізіп беріп отырған тұлғалармен байланыс орнатқан.

– Тұрғылықты жері бойынша тінту барысында 35 жыртқыш құс, соның ішінде ительгілер, бүркіттер және лашын табылып, тәркіленді. Аталған түрлер Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген және сирек кездесетін, жойылып кету қаупі төнген құстарға жатады, – деп хабарлады Павлодар облысы бойынша ҚМА департаментінен.

Қазіргі уақытта сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі төнген жыртқыш құстарды заңсыз сатып алды және ұстады деп күдіктенген жергілікті тұрғынға қатысты тергеу аяқталды. Күдікті қамауға алынды.

afm_rk бейнесі