Павлодар вокзалындағы жаңа электронды сағатта ақау анықталды
Шенеуніктер мердігерді сағатты жаңартуды міндеттеді деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Жақында қалалық вокзал маңын абаттандыру жұмыстары аясында ескі сағат жаңартылып, электронды нұсқаға ауыстырылды. Бірақ, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінде олардың сынғандығын жеткізді.
-Сынақ уақытында сағат жұмысында ақаулар анықталды. Сондықтан Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналды шаруашылық мердігер жұмысын қабылдамады. Төлем жүргізілген жоқ. Енді мердігер сағатты қайта жаңартатын болады,-деп мәлім етті коммуналшылар әлеуметтік желідегі ресми хабарламасында.
Фото: ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі