Павлодар жағалауында шаңғы тепкен адам, мұз астына түсті
Қуанышқа орай, ер адам өзеннен өздігінен шығып, аман қалды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Оқиға орнына ТЖД жедел-құтқару жасағының, сондай-ақ 102 және 103 қызметтерінің қызметкерлері жедел жетті.
- Павлодарда Ертіс өзенінде 1960 жылы туған ер адам өзен вокзалы ауданында шаңғы тебу кезінде мұз астына құлап кетті. Жергілікті жерде медициналық көмек көрсетілді, ауруханаға жатқызу қажет болмады. Ер адам ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 12 922 теңге көлемінде айыппұл салынды,-деп хабарлады облыстық ТЖД.
Фото: Freepik.com