• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодардағы бейнекамералар көмегімен 24 мыңнан аса бұзушылық анықталды

Павлодардағы бейнекамералар көмегімен 24 мыңнан аса бұзушылық анықталды

 

 

Павлодар қаласындағы жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен 24 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Бейнебақылау камералары түрлі құқық бұзушылықтарды тіркейді, алайда олардың басым бөлігі әкімшілік сипатқа ие. 

 

– 2025 жылдың қорытындысы бойынша жедел басқару орталығында орнатылған бейнебақылау камераларының көмегімен 196 қылмыс ашылды. Сонымен қатар 24 729 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді, оның ішінде 2 094 – ұсақ бұзақылық, 2 871 – қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу, 16 758 – жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД ЖБО бастығының міндетін атқарушы Гомар Шабиденов.