Павлодардағы бес қабатты үйдегі өрттен ер адам зардап шекті

Өрт кешкісін Павлов көшесіндегі бес қабатты үйдің екінші қабатында орналасқан пәтерде болған, деп хабарлайды irbistv.kz.

Өрт туралы хабарлама 101 пультіне сағат 20:55-те түсті. Өрт сөндірушілер келген кезде үй мүліктері мен жиһаздың өртеніп жатқаны анықталды. Баспалдақ арқылы бір адам эвакуацияланды.

Өрт сағат 21:16-да толық жойылды. Оқиға салдарынан пәтердің 1985 жылы туған иесі зардап шекті. Ер адам ауруханаға жатқызылды. Өрттің шығу себебі анықталуда, – деп хабарлады Павлодар облысының ТЖД.