Павлодарда қаңғыбастарды тексеру барысында қылмыскерлер мен хабар-ошарсыз кеткен азаматтар анықталды
“Қаңғыбас” жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижелері бойынша павлодарлық полицейлер белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 102 адамдарды анықтады, олардың 14-і қабылдау-орналастыру орнына орналастырылды, – деп хабарлады облыстық департаментте.
Ресми хабарламада жарияланғандай, полиция қызметкерлері 2 қылмыскердің және 4 хабар-ошарсыз кеткен азаматтың орналасқан жерін анықтады. Мәселен, есірткі құқық бұзушылыққа күдікті 26 жастағы қылмыстық қылмыскер табылды. Қазіргі уақытта қамауда. Сонымен қатар, ата-анасынан қашып кеткен жасөспірім анықталған.
– Павлодарлық жедел уәкілдер 17 жастағы кәмелетке толмаған баланың ата-анасымен ұрысып, үйден кеткен жерін анықтады. Жасөспірім Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы ауылдардың бірінде тұрады. Ал Павлодар қаласына жолаушылап келген. Кәмелетке толмаған бала үйден бірнеше рет кетіп қалған. Қазіргі уақытта, өмірлік қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарды қолдаудың өңірлік орталығына орналастырылды, – деп атап өтті Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.