Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Павлодарда қарақшылық жасады деген күдікті ұсталды.

оқиғалар

21
Павлодар облысы ПД берген ақпаратқа сәйкес қарақшылық жасаған адамды ізін суытпай ұстаған. Наурыздың 1-і күні қаладағы дүкендердің бірінен ер адам күш қолдана отырып сатушыдан 120000 теңге көлемінде ақшаны алып кеткен.

- Полицейлер кешенді шұғыл-іздестіру шараларын ұйымдастырып, нәтижесінде қылмыс бір сағаттың ішінде ашылды. Аталмыш заңсыздықты жасады деген күдікпен бұрындары істі болмаған Павлодар облысының 22 жасар тұрғыны ұсталды. Ұрланған ақша тәркіленген, - деді Павлодар облысы ПД бастығы Нұрлан Масимов.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі берген ақпарат бойынша ер адамның бұдан да басқа тақылеттес істерге қатысы бары анықталған. Дәл сол күні ол Кенжекөлдегі дүкендердің бірінен күш көрсету арқылы ақша алып кетпекші болыпты. Аталмыш деректер бойынша қарақшылық жасау бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті қамауда.

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()