• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда қарсы жолаққа шыққан көлік жүргізушілері айыппұл арқалады

Павлодарда қарсы жолаққа шыққан көлік жүргізушілері айыппұл арқалады

 

 

Орталық көше бойындағы кептеліс кезінде, шыдамдылық таныта алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен авто иелерін бақылау камералары көмегімен анықталды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

Павлодарда Академик Сәтбаев көшесіндегі жедел басқару орталығының камераларымен төрт жолағы бар екі жақты қозғалыстағы жолда келе жатқан көлік жүргізушісі тіркелді.

 

-Құқық бұзушы жауапқа тартылды. Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.

 

Жыл басынан бастап Павлодар қаласы бойынша қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін 151 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Заңнамаға сәйкес, 6 ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

Фото:Freepik.com