Павлодарда қызметкер өз директорынан 770 мың теңге ұрлаған
33 жастағы павлодарлықтың өз бастығының кабинетінен ақша ұрлағаны үшін бір жарым жылға бостандығын шектеді. Ер адам фирмалардың бірінде менеджер-логист болып еңбек еткен деп хабарлайдыirbistv.kz. тілшісі.
Павлодар қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың үкімінде көрсетілгендей 33 жастағы жігіт компанияда 2025 жылдың тамызынан жұмыс істей бастаған. Фирма директорының айтуынша ол қызметкеріне сенген. Алайда ол үмітін ақтамапты.
2025 жылы 23 қарашада менеджер жұмыста отырып, директордың кабинетіне кіріп, сөреден 770 мың теңге салынған конвертті алып шыққан.
- 2025 жылдың 24 қарашасында ол жұмысқа келгенде оны директор шақырып алып, кабинеттен ақша ұрлап жатқаны түсіп қалған бейнежазбаны көрсеткен. Кінәсін толық мойындаған. Істегеніне өкінген. Шығынның 140 мың теңгесін өтеген. Азаматтық қуынымды толық мойындады, - делінген Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімінде.
Айта кету керек, жігіт ұрлық жасағанға дейін бірнеше күн бұрын сот оған алаяқтық үшін екі жыдға бостандығын шектеген. Маусым айында ол танысына айтпай, оның атына микро қаржы ұйымында 850 мың теңгеден астам несие рәсімдеген.
Нәтижесінде директорынан ақша ұрлаған павлодарлықтың 1,5 жылға бостандығын шектеді, алайда бапты қатаңдатып, нәтижесінде екі жылға бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Фото: Freepik.com
