• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарын темір торға қамады

Павлодарда ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарын темір торға қамады

Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы басшысының орынбасарын алаяқтық үшін айыптады. Ол осы жылдың көктемінде дәрігер Онипконың екі азаматтығы барын біліп, содан пайда табуды шешкен. Іске полицияның аға жедел уәкілі де қатысқан. Олар бірге 50 мың доллар боспасалап, алайда тек 10 миллион теңге алған. Сонымен қатар оларға көлік жуатын орын әкімшісі көмектескен. Нәтижесінде барлығы сотталушы тағына отырды. Басты кейіпкер мен әйел кінәсін толық мойындады. Ал үшіншісі жоққа шығарды. Айта кету керек, оларды ақшаны алған соң ұстады.

 

-Олар Павлодар қаласы бойынша жүрді. Біраз уақыттан соң олар алған ақшамен ұсталды. Олар тіпті сол қаражатты жұмсауға мүмкіндіктері болмады. Сол себепті сот олардың әрекетін оқталу деп бағалады,-деді Павлодар қалалық №2 судьясыӨрнек Абжапаров.

 

ПД басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарын 4 жарым жылға, экс жедел уәкілді 4 жылға бас бостандығынан айырды. Ал көлік жуатын орын қызметкерін үш жылға қамады. Оны сот залында қамауға алды. Айта кету керек үшеуін де азаматтық қуыным бойынша Онипкоға 3 миллион теңге төлеуге міндеттеді. Ал 5 миллион теңге моральдық шығынды сот қанағаттандырмады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.