Павлодарда әкесі 11 жастағы қызымен кездесуге келген ер адамды ұстады
30 жастағы ер адам 11 жасар қызды кездесуге шақырмақ болған. Ол арам ойын іске асырмақ пиғылмен өзін 11 жастағы бала етіп көрсеткен. Кішкентай қызға өзінің интимдік фотосуреттерін жіберіп, жауап беруін сұраған. Оқиғаның мән-жайын ата-аналар Instagram желісінде жария еткен.
Қыздың анасы олардың хат алмасқанын көріп, ер азаматты анықтау үшін әкесі онымен қызының атынан жазып, сөйлесе бастаған. Ер адам мектептің жанында кездесуге келісіп, ол жерде қыздың әкесі мен достары оны қолға түсірген. Олар азаматты полицияға тапсырды.
- Тексеру барысында күдіктінің қалтасынан пышақ табылған, ал телефонынан өзін-өзі қанағаттандырумен айналысқан сексуалдық бейнеролик анықталған. Күдікті 17 қарашада ұсталған. Оның үстінен "Кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықсыз қорлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады,-деп хабарлады облыстық ПД.