Павлодарда әккі пәтер ұрысы ұсталды
Павлодарда пәтер ұрлығын жасады деген күдікпен Астана қаласының 36 жастағы тұрғыны ұсталды. Тергеу болжамы бойынша, эпизодтардың бірінде ол 6 миллион теңгеге жуық соманың бағалы заттарын ұрлап кеткен, деп хабарлайды irbistv.kz.
Полиция мәліметінше, ер адам кіреберіс есіктерге кілт таңдау арқылы пәтерлерге кіріп жүрген. Осыдан кейін ол ақша, зергерлік бұйымдар мен басқа да бағалы заттарды қолды қылған. Мұндай кемінде үш ұрлық фактісі белгілі, келтірілген жалпы материалдық шығын миллиондаған теңгені құрайды.
Бұрын бірнеше рет сотталған күдікті тергеу нұсқасы бойынша ұрланған мүлікті ломбардтарға тапсырып, түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Оны ұстау кезінде ақшалай қаражаттың бір бөлігі тәркіленді, ал Семей қаласындағы ломбардтардың бірінен полицейлер алтын әшекейлерді тауып, тәркіледі.
– Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау қапасында. Полиция күдіктінің өңір аумағындағы басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде, – деп хабарлады Павлодар облысының ПД.
