Павлодарда 20 жыл бұрын адам өлтірген азаматқа сот үкімі шығарылды

 

 

Павлодарлықты 20 жылдан аса уақыт бұрын адам өлтіргені үшін 14 жылға бас бостандығынан айырды. Күдікті қылмыс жасаған соң ізін суытқан, содан оны жақында ғана тапқан. Қылмыстық істі алқа билердің қатысуымен қарады.

 

Бүгін сотта хабарлағандай 1999 жылы павлодарлық ақша үшін аңшы қаруынан өз құрбанының басына оқ атқан. Көп жылдар бойы Кавказда жасырынған, жақында оны тауып елге қайтарды. Қылмыстық істі қайта тергеп, сотқа жеткізді. Алқа билер 42 жастағы ер адамды бас бостандығынан айыруға дауыс берді.

 

-ҚК 1997 жылғы 16 шілдесіндегі редакциясымен 96 баптың 2 бөлімі бойынша қылмыс жасағыны үшін кінәлі деп танылып, қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесіне 14 жылға қамау жазасы тағайындалсын,-деп жеткізді Павлодар облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бақыт Нұрланов.

 

Сот үкімімен ер адамға қайтыс болғанның жұбайына 8 миллион теңге моральдық шығын төлеуге міндеттеді. Қуынымды ішінара қанағаттандырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.