• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда 23 жастағы жігіт қызды зорлағаны үшін 5 жылға түрмеге қамалды

Павлодарда 23 жастағы жігіт қызды зорлағаны үшін 5 жылға түрмеге қамалды

 

 

 

 

Тергеу нұсқасы бойынша ол қызға 2022 жылдың қыркүйегінде пәтерде жәбір көрсеткен. Ол сотталушы тағына жалғыз отырмады.

 

Зорлағаны үшін айыпталған адам сотқа бұрын тонау үшін жаза арқалаған танысымен бірге келді. 2022 жылдың қазанында олар ЖШС бірінің аумағына кіріп, шамамен 80 мың теңге тұратын қара металл сынығын ұрламақшы болған. Алайда әкетіп үлгермеген, оларды фирма иесі байқап қалып, полиция шақырған.

 

-ҚК 24-бабы, 3-бөлімі, 188-бабы 2-бөлімі 1-тармағы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, ҚК 68-бабы 1-бөлімі негізінде жапа шегуші ұйым өкілімен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылсын,-деді Павлодар қалалық №2 сотының судьясы Айгерім Байсолтанова.

 

Нәтижесінде екеуінде қамаудан босатпады. Анықталғандай 2022 жылы тонау үшін сотталған адамға 3,5 жыл бостандығын шектеу үкімі шығарылған екен. Алайда пробация қызметіне келу талаптарын орындамаған. Нәтижесінде оған іздеу жариялаған. Енді жазаны шынайы мерзімге ауыстыруы әбден мүмкін. Ал 23 жастағы жігітті ұрлық үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатса да, қыз зорлау дерегі бойынша кінәлі деп таныды. Оны бес жылға абақтыға қамады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.