Павлодарда 250 миллион теңге қарызы үшін тіркемелер тәркіленді

Полиция берген ақпараты бойынша, КамАЗ тіркемелері арнайы айып тұрағына жіберілген. Өңірде борышкерлерді анықтау бойынша рейдтік шаралар өтіп жатыр, деп хабарлайды irbistv.kz.

 

Полицейлер көлік иесі өз мүлкін барлық қарызын өтегеннен кейін ғана қайтара алатынын жеткізді. Бұл ретте павлодарлықтың мұндай қомақты соманы қандай жағдайда жинап алғаны нақтыланбаған.

 

Көлік иесінің жалпы сомасы 250 миллион теңгеден астам тыйымдары мен әртүрлі берешектері болған. Тіркемелер арнайы айып тұрағына орналастырылды, иесі оларды барлық берешектерін өтегеннен кейін алып кете алады, – деп хабарлады Павлодар облысының ПД.

 

Фото: Павлодар облысы ПД