Павлодарда 26 жастағы бойжеткен дүкеннен күртеше ұрлаған

Оқиға бақылау камерасына түсіп қалды. Сауда үйінің иесі полицияға шағымданған. Ал бірнеше күннен соң тағы екі заттың жоғалғанын жазып, кезекті рет шағым түсірді. Тәртіп сақшылары бейнекамераны қарап, бутиктен тауарды жайбарақат алып бара жатқан қызды байқап қалған.Күдіктіні табу қиын болмады, қазір оның басқа ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.