Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Павлодарда 29 жасар келіншекті екі жарым жылға бас бостандығынан айырды

оқиғалар

118
Павлодарда адам өліміне әкелген жол-көлік апаты үшін 29 жасар келіншекті екі жарым жылға бас бостандығынан айырды. Естеріңізге сала кетейін, апат өткен жылдың қарашасында Сатпаев көшесі бойында сағат кешкі сегіздер шамасында орын алған еді.

Екі қарт әйел арнайы жолақ арқылы жолдан өтіп бара жатқандаBMW X5 көлігін басқарған келіншек оларды қағып кеткен. Жапа шегушілерді бірден ауруханаға жатқызды, алайда біреуі сонда көз жұмады. Жүргізуші оқиға орнында көмек бермекші болған. Және тергеу барысында өз айбын жоққа шығарған жоқ.

 

- ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлімінде қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін айыпты деп танылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы берілсін, - деді Павлодар қалалық №2-сотының судьясы Жанар Турлубаева. 

 

 

Сотталушы қоныс колониясында жазасын өтейді. Оның дүкенде сатушы болып жұмыс жасағаны белгілі. Және келіншекті жалпы көлемі 4 миллион теңге моральдық және материалдық шығынды өтеуге міндеттеді. Ал темір тұлпар тізгініне тек 5 жылдан кейін ғана отыра алады. Келіншектің артында кәмелекетке толмаған ұлы мен күтімді қажет ететін анасы қалды. Олардың құқығын сот туысына өткізді. Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()