• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда 30 жастағы жігіт зорлау және жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері үшін сотталды

Павлодарда 30 жастағы жігіт зорлау және жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері үшін сотталды

30 жастағы жігіт пен әйел жыныстық қатынасқа дейін кездесіп жүрген. Павлодарлық онымен жеке кездескенін мойындайды, тек барлығы өзара келісіммен болды дейді. Оқиға қаңтардың ортасында орын алған. Кейін жапа шегуші полицияға арызданған.

 

- Үкімді түсіндірген кезде судья жапа шегушінің жауабы негіз болды деді. Қылмыстық іс бойынша басқа айғақ дәлел. Егер айыптау айғағы мен қорғау айғағын фемида таразысына салсақ олар қорғау жағының пайдасында болып тұр,-дейді сотталушының қорғаушысы Қарлығаш Джамалиденова.

 

Ғашықтар арасындағы жыныстық қатынас техникалық қызмет көрсету станцияларының бірінде болған. Айыпталушының қорғаушысы айтуынша әйел өз арызында аталмыш орын өзіне ұнамағанын көрсеткен. Бүгін жігітке үкім шығарып, сот залында қамауға алды.

 

-Қылмыстың қоғамдық қауіптілігі дәрежесін және сотталушының жеке басын ескере отырып сот Б деген азаматқа қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесіне 5 жыл 6 айға қамау жазасын тағайындады. Сонымен қатар жапа шегушінің пайдасына мүліктік және моральдық шығын сомасы өндіріліп алынады. Үкім заңды күшіне енген жоқ,-деп жеткізді Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Агидель Ибраева.

 

Сонымен қатар павлодарлықты жапа шегушіге бір миллион теңге моральдық шығын төлеуге міндеттеді. Сотталушының қорғаушысы бірінші инстанция сотының шешіміне шағымданатындарын айтты.