Павлодарда 35 жылқы ұрлаған барымташыға сот үкімі шығарылды

Павлодар тұрғыны еркін жайылымнан 35 жылқыны ұрлап, ол үшін 800 мың теңге мен КамАЗ алған. №2 сотта оған үкім шығарды. Іс материалдарында көрсетілгендей, ер адам Мойылды ауылы жанында малдың ізіне түсіп, түнгі екіде оларды ұрлаған. Сыбайластары да болғанымен, тергеу барысында, өзге азаматтарды анықтау мүмкін болмады.

 

Күдікті өз кінәсін мойындамады, оған қоса оның бұрын ұрлық үшін сотталғаны анықталды. Жапа шегушілерге келтірілген шығын, шамамен 8 млн 800 мың теңгені құрайды. Сот ер адамға алты жарым жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады