Павлодарда 4 еркек бір әйелді зорлаған.

Олардың әрқайсысына 9 жыл темір торға қамау айыптау үкімін шығарды. Істің егжей-тегжейі айтылмады. Отырыс жабық тәртіпте өтті.

 

Павлодардың үш және елорданың бір тұрғыны алдын ала келісім бойынша бір топ болып адам зорлау деген айыппен сотталушы тағына отырды. Олардың біреуін ғана қаңтар айында тергеу абақтысына қамаған. Ал үкім оқылғаннан кейін барлығын сот залында қамауға алды.

 

- ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлімі 1-тармағы бойынша кінәлі деп тауып, тоғыз жылға бас

бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, - деді Павлодар қалалық №2-сотының судьясы Қуаныш Тулебаев.

 

Сондай-ақ үш сотталушыны 600 мың теңге азаматтық қуыным төлеуге міндеттеді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.