Павлодарда 45 мыңнан астам вейп мен оған арналған сұйықтықтың көзін жойды
Оны қоғам өкілдері мен студенттердің қатысуымен өткізді. Естеріңізге сала кетейін, көпшілік алдында жою рәсімі осы жылы екінші рет өткізіліп отыр деп хабарлайды irbistv.kz
тілшісі.
Елімізде вейпке тыйым салынса да, оны түрлі жолмен сату тоқтайтын емес. Бүгін зиянды заттардың барлығын балғаның көмегімен ұсақтап, әрі қайра темір тартқыштан өткізуді шешкен. Экономикалық тергеулер департаментінде хабарлағандай бұл тауар бұған дейін ұсталған тасымалдаушыға тиесілі. Бұған дейін одан ірі көлемдегі тауар бір рет тәркіленген.
-Жазда біз тінту жүргіздік, кейін тергеу кезінде аталмыш тұлғалардың бұл іспен айналысуды жалғастырып жүргенін анықтадық. Сол себепті біз жедел іздеу шараларын жүргізіп, қоймаларды анықтап, сонда тінту жүргіздік, заңсыз айналымның кезекті партиясын тәркілеп, сараптама оның вейп екенін анықтадық, - деп хабарлады Павлодар облысы экономикалық тергеулер департаменті басшысының орынбасары Ғалиасқар Қасымов.
Айта кету керек, вейптерді тасымалдаушылар Алматы мен Астанадан сатап алады. Ал ол жаққа негізінен Қытайдан заңсыз жеткізілетін көрінеді.
