• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда 5 адам ажал құшқан жол көлік апаты үшін 53 жастағы ер адамды абақтыға қамады

Павлодарда 5 адам ажал құшқан жол көлік апаты үшін 53 жастағы ер адамды абақтыға қамады

Апат түскі уақытта орын алды. Қылмыстық іс материалдарынан белгілісі шетел көлігінің жүргізушісі жүк машинасын басып өтпек болған. Нәтижесінде қарсы беттегі көлікпен қақтығысты. Апат кезінде 5 адам көз жұмды. Ішінде кішкентай бала да бар. Тергеу ұзаққа созылды, ал бір жылдан соң үкім жариялады. Сотта Амантай Мұхаметжанов кінәлі деген шешімге келген.

- Сот үкімімен бес жылға көлік жүргізу құқығынан айрылып, 7 жылға қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі төмен мекемесіне 7 жылға қамау жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, - деді Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Агидель Ибраева.

Ал 53 жастағы ер адамның туыстары оның кінәлі еместігін айтады. Апат болған күні Амантай Мұхаметжанов әйелімен үйге келе жатқан. Көлікті жас кезінен жүргізген. Ұлының сөзінше істегі басты аргумент - тіркеуіштегі бейнежазба. Онда апаттың өзі көрінбейді, алайда сарапшылар үшін бұл жеткілікті болған көрінеді.

- Менің әкем осы жол көлік апатында тірі қалғаны үшін ғана соттады деп ойлаймын. Барлық айып менің әкемнің бейне тіркеуішіндегі бір бейне негізінде құралған. Онда бейнежазба үзіліп қалғандықтан, не қақтығыс, не не жақындап қалған көлік, ештеме көрінбейді. Тіпті бұл бейненің қақтығысқа дейін қанша уақытта үзілгенін түсіну мүмкін емес, - деді АмантайМұхаметжановтың ұлы ӘлішерМұхаметжанов.

Амантай Мұхаметжановты сонымен қатар көз жұмған ер адамның туысқандарына шамамен 17 миллион теңге төлеуге міндеттеді. Ұлының айтуынша олар бірініш инстанция сотының үкіміне қайта шағымданбақ.

 

Автор: Бибінұр Хамитқызы