Павлодарда 80 мың келі қара металлды ұрлаған екі ер адам сотталды

 

 

Павлодарда ТЭЦ-3те қазандықтарға қызмет көрсеткен бас мердігердің екі қызметкерін бес жылға шартты мерзімге абақтыға қамады. Екеуін де шамамен 80 мың келі қара металлды ұрлағаны үшін кінәлі деп тапты. Бастапқыда бұл электрқозғалтқыштар және бір ротор болған, алайда олардың мерзімі өткен деп тауып, оларды шешіп алып, басқа орынға ауыстырған. Жұмыскерлер станция аумағында жатқан жабдықты 2021 жылдың қыркүйегінде бөлшектеп әкете бастаған. №2 соттың үкімінде көрсетілгендей күзет агенттігі қызметкерлері мен «Павлодарэнергоның» қатысы бар делінген, ал оларды анықтау мүмкін болмапты. Жалпы шығын 7 жарым миллион теңгені құраған, айыпталушылар үкім шыққанға дейін оны қайтарған.