Павлодарда адам өлімімен аяқталған жол апаты орын алды
29 тамыз күні таңертең Павлодардағы Циолковский көшесінде жеңіл көлік пен КАМАЗ-дың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды irbistv.kz.
Жол-көлік оқиғасы таңертең болған. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл жетті.
– Шақырту 29 тамыз күні сағат 08:00-де түсті. Себебі – жол-көлік оқиғасы. Шақыртуға жеделдіктің бірінші санаты бойынша жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Жету уақыты 9 минутты құрады. Оқиға орнында медицина қызметкерлері 1999 жылы туған ер адамның қайтыс болғанын тіркеді. Апаттың тағы екі қатысушысы – 1981 және 1999 жылы туған ер адамдар тексеруден кейін үйге жіберілді, – деп хабарлады жедел медициналық көмек қызметі.
