Павлодарда адам ағзасын сату әрекеті әшкереленді

Өзінің бүйрегін сатқысы келген күдікті ұсталды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі полиция департаментіне сілтеме жасап.

 

Шілде айының ортасында жедел қызметкерлерге көрші мемлекеттің азаматының бүйрегін сату туралы жедел ақпарат түсті. Осы мақсатта шетелдік әйел Павлодар қаласына келіп, баға мен шарттарды талқылап, сатуға келісім берген.

- Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күдіктіні келісілген ақшаның бір бөлігін алу кезінде ұстады. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.

 

Еске сала кетейік, Қазақстанда заңсыз трансплантациялауға, сондай-ақ адам ағзаларының, мүшелерінің, тіндерінің және тіндерінің бөліктерін сату, сатып алуға тыйым салынғанын және ол үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

фото: Облыстық полиция департаменті