Павлодарда алаяқтарға көмектескен жас дропперді соттады

 

 

23 жастағы жігітті шамамен 8 миллион 700 мың теңге ұрлауға көмектескені үшін 4 жылға бостандығын шектеді деп хабарлайдыirbistv.kz.

 

Сот үкімінде көрсетілгендей 2024 жылдың наурызында елордалық жас жігіт Telegram мессенджерінде белгісіз біреумен хат жазысқан. Ол оған 50-100 доллар пайда табуды ұсыныпты. Ол үшін бар болғаны екінші деңгейлі қазақстандық банктердің есепшоттары туралы мәлімет сұраған.

 

Жасөспірім келіскен, сонымен қатар тағы бірнеше адамды іске тартқан. Ортақ таныстары арқылы студенттерді тауып, олардың атына банк карталарын рәсімдеп, олардың мәліметтерін де алған.

 

Ал 2024 жылдың сәуір айында павлодарлық әйелге ұялы байланыс компаниясынанбыз деп хабарласқан. Автобуста шаштаразға бара жатқан әйел сасып қалған. Оған сізде тарифпен мәселе бар, сол үшін СМС арқылы келетін кодты айтуды сұраған. Ол өтінішті орындаған. Одан соң оған ҰҚҚ қоңырау шалып, оның атына үш несие рәсімдегелі жатқанын айтқан. Нәтижесінде алдау жолымен шынымен де оның атына банктерде 8,7 миллион теңге несие рәсімдеген.

 

Жапа шегушіге барлық ақшаны жіберуді сұраған, ол салып жіберген. Бұл үшін алаяқтар Астананың жас тұрғыны жіберген есепшоттарды пайдаланған.

 

Істі Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында алаяқтыққа жәрдемдесу дерегі бойынша қарап, жігіттің 4 жылға бостандығын шектеді.

 

Фото: Freepik.com