• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда алаяқтық жолымен пайда тапқан бұрыңғы полиция тергеушісіне сот үкімі шығарылды

Павлодарда алаяқтық жолымен пайда тапқан бұрыңғы полиция тергеушісіне сот үкімі шығарылды

Ер адам жүргізуші куәлігінен айырам деп алдап, көлік басқарушыдан 300 мың теңге алған. Бастапқыда қылмыстық істі пара алу дерегі бойынша ашса, кейін судья үкім шығару кезінде бапты өзгертті.

Іс материалдары бойынша жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі жол апатына ұшыраған. Тергеу кезінде жапа шегушілермен келісімге келген. Ал Павлодар ауданы полициясының тергеу бөлімінің тергеушісі бұдан пайда табуды шешкен. Апатқа кінәліге жүргізуші куәлігінен бәрібір айрыласың, ал оны ақшамен шешуге болады деген. Яғни 300 мың теңге сұраған. Ақшаны алған соң оны қолға түсірді. Бастапқыда пара алғаны үшін қозғалған қылмыстық істі алаяқтыққа ауыстырды.

-ҚР ҚК 130-бабы, 3-бөлімі 2-тармағы бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған ұрланған мүліктің көлемін 12 есе мөлшерде яғни 3 миллион 600 мың теңге сомасында қайтару жазасы тағайындалды, -деп мәлім етті Павлодар қаласы 2-сотының судьясы Әсемқоңыр Сайран.

Бұрынғы полицейге өмір бойына мемлекеттік қызметте істеуге тыйым салынды және лауазымынан айырды. Айыппұлды ол бір ай ішінде өтеуі тиіс. Үкім заңды күшіне енген жоқ.