• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда арнайы жарық белгілерін заңсыз орнатқан жүргізуші жауапқа тартылды

Павлодарда арнайы жарық белгілерін заңсыз орнатқан жүргізуші жауапқа тартылды

 

Бейнені Павлодар облысы полиция департаментінің ресми Instagram парақшасына жіберген. Тәртіп сақшылары бірден жағдайды тексерді, деп хабарлайды irbistv.kz.

 

Нәтижесінде тәртіп сақшылары Деров көшесінде Lada автокөлігінің жүргізушісі қызыл және көк түсті арнайы жарық сигналдарын беретін құрылғыны рұқсатсыз орнатқанын анықтады.


– Аталған құқық бұзушылық бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік материал толтырылды. Арнайы жарық және дыбыс сигналдарын пайдалану тек жедел және арнайы қызметтердің көлік құралдарына ғана рұқсат етіледі, – деп мәлімдеді Павлодар облысы ПД.

 

Фото: magnific.com