• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда біреудің пәтерін жалға тапсырған алаяқ бас бостандығынан шектелді

Павлодарда біреудің пәтерін жалға тапсырған алаяқ бас бостандығынан шектелді

Қарағанды облысының тұрғынын Павлодарда пәтерді қайта тапсырғаны үшін жазалады. 36 жастағы ер адам біздің қалаға бірнеше күнге келіп бірнеше күнге баспана жалдаған. Бір аптаға жетпей тұрып, жарнама сайтына сол пәтерді ұзақ мерзімге жалға беретінін жазған. Клиент табыла кетіп одан 97 мың теңге сыпырып алған алаяқ үйіне қайтып кеткен. Жапа шегуші полцияға жүгініп, нәтижесінде алаяқты қолға түсіру мүмкін болды. Сотта ол кінәсін мойындады. Нәтижесінде бір жылға бостандығын шектеді.