Павлодарда байлаудан үзілген ит көшеде балаларды қорқытқан

 

Жеке сектор аумағындағы үйден босатылып кеткен ит көше бойында жүріп, тұрғындар полицияны шақыртуға мәжбүр болған деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Байлаудан үзіліп кеткен ит Бұхар Жырау көшесін аралап жүргенде тұрғындардың көзіне түскен.

 

- Ит өтіп бара жатқан адамдарға үріп, балалар қорқып, үйлеріне өте алмаған. Учаскелік полиция инспекторы ит иесін анықтап, оны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ер азамат иттің байлаудан үзіліп, сыртқа қашып кеткенін байқамағанын айтып, ақталды,-деп мәлім етті облыстық полиция департаментінде.


Жыл басынан бері полицейлер үй жануарларының 1760 иесін иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартты.

 

Фото: Freepik.com