Павлодарда балалар алаңындағы отырыс айыппұлға әкелді
Павлодарлық полицейлер балалар алаңында ішімдік ішудің алдын алды. Бірнеше құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды irbistv.kz.
Полицейлер патрульдеу кезінде Лермонтов көшесі, 23-үйдің ауласында күндіз балалар алаңында алкоголь ішіп отырған екі ер адамды байқаған.
Тағы бір құқық бұзушылық туралы полицияға Назарбаев көшесі, 89-үйдің тұрғыны хабарлаған. Оның айтуынша, бір топ жас балалар алаңында отырыс ұйымдастырған. Әйел олармен жанжалдаспауды жөн көріп, полиция шақырған. Оқиға орнына келген қызметкерлер екі жігіт пен екі қызды анықтады. Жастар қолдан үстел жасап, оның үстіне алкогольдік сусындар қойған.
– Барлық құқық бұзушылар қоғамдық орында алкогольдік сусын ішкені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, әрқайсысы айыппұл төлеуі тиіс, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД.
Айта кетейік, қоғамдық орында ішімдік ішкені үшін айыппұл мөлшері шамамен 22 мың теңгені құрайды. Жыл басынан бері өңірде қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішкені үшін полицейлер 6588 хаттама толтырған.
Фото: gemini.google.com ЖИ арқылы жасалған
