• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда балаларды тасымалдау ережесін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды

Павлодарда балаларды тасымалдау ережесін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды



Балаларды арнайы ұстау құрылғыларынсыз тасымалдауға тыйым салынғанына қарамастан, Павлодар облысының полицейлері күн сайын жолдарда балаларды тасымалдау қағидаларын бұзу деректерін анықтауда деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері балаларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін бес мыңнан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

– Ең алдымен, жолдың ұзақтығына қарамастан – үйден мектепке дейін немесе демалыс күндері балалармен бірге қала сыртына шыққанда да – көліктегі баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдау маңызды. Такси қызметін пайдаланатын ата-аналар тасымалдаушы компанияны мұқият таңдап, көлікте баланың қауіпсіздігі қамтамасыз етілетініне алдын ала көз жеткізуі қажет, – деп атап өтті полиция.
Сонымен қатар, полицейлер балаларды қолда ұстап тасымалдауға қатаң тыйым салынатынын еске салады. Өйткені көлік кенет тежелген жағдайда соққының барлық ауыртпалығы баланың өзіне түседі.


Айта кетейік, 2026 жылы кәмелетке толмаған жолаушылардың қатысуымен 59 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 1 бала қаза тауып, 17 бала түрлі жарақат алған.

Бейне:Облыстық ПД