Павлодарда балықты тормен аулаған ауыл тұрғындары ұсталды

Аймақ полицейлері «Уылдырық шашу» акциясының қорытындысын шығарып, балық аулау ережелерін бұзудың 101 фактісі анықтады деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

Тәртіп сақшылары жедел іс-шара аясында 9 заңсыз балық аулау құралы, 4200 метр монотор, 5 жүзу құралы және 40 келі майда балық тәркіленгендігін жеткізді. Сондай жағдайлардың бірі Песчаное ауылында тіркелді.

- Елді мекен көлінің жағалау аймағын патрульдеу кезінде екі жергілікті тұрғын ұсталды. Олар резеңке қайықпен көлге шығып, балық аулауға арналған торларын орнатқан. Аталған азаматтарға қатысты әкімшілік материалдар толтырылып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Сонымен қатар, құқық бұзушылардан заңсыз балық аулау құралдары мен шамамен 5 келі балық тәркіленді, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД.

Фото: freepik.com