Павлодарда банк филиалының қабырғасы бұзылды
Оқиға Естай көшесінде болған. Тәртіп сақшылары қаскүнемдерді іздестіруде деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Естай көшесіндегі бөлімшенің есігін қоршауға алынды. Тергеу амалдарын жүргізіп, мүмкін куәгерлерден және банк орналасқан көпқабатты үйдің тұрғындарынан жауап алуда. Үйдің жертөлесі де қоршауға алынды. Қаскүнемдердің банк бөлімшесіне осы жерден кіруі әдбен мүмкін. Полицияда хабарлағандай қызметкерлер опырылған қабырғаны көріп, оларға ұрлық туралы шақырту түскен.
«Дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері аталмыш дерекке қатысты тұлғаларды анықтау бойынша жедел іздеу шараларын жүргізуде», деп мәлімдеді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Жанна Белялова.
Полицияда нақты нені ұрлағанын айтпауда. Оқиғаның мән-жайын анықтауға тура келеді.