Павлодарда бопсалау дерегімен айыпталушылар өзін-өзі өртеп жіберді

 

 

Олардың бірі Дмитрий Парушь реанимацияға түскен, оның денесі 65 пайызға күйіп, тыныс алу жолдары зақымдалған. Жігіттердің айтуынша, полицейлер оларға қысым көрсетіп, кез келген жағдайда отырғызамыз деп қорқытқан.

 

Юрий мен оның танысы Дмитрийді наурыз айының ортасында 800 мың тенгеге бопсалады деп айыптаған. Ер адамның сөзінше оны соққыға жығып қорқытқан мыс. Тергеу кезінде тәртіп сақшыларының бірі отырғызамыз депті. Бұл өзін-өзі өртеуге себеп болыпты. Ол сәуірдің 23-і күні кешке осы қадамға барған.

 

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мекемеге жетпедік, сол жерде өзімді өртемек болдым. Бізді патруль күдік туғыздыңдар деп тоқтатты. Үстімізге бензинді құйып жібердік, кейін тұтатқышты қолыма алып жақындамаңдар дедім. Жемқорлыққа қарсы департаменке бара жатырмыз, сонда сөйлесетінімді айттым,-деді Юрий Юнгман.

 

Юрий үстіндегі киімді шешіп үлгерді, ал танысы әп-сәтте жалынға оранған. Оны оқиға орнынан ауыр хәлде ауруханаға жеткізген. Бірнеше күн уақыт өткенімен дәрігерлер ешқандай болжам айта алмаймыз дейді.

 

-Денесінің 65 пайызын күйік шалған. Тыныс алу жолдары зақымданыпты. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр. Ем шаралары толық көлемде барынша жасалуда,-деді Павлодар қаласы №1 ауруханасы күйік бөлімінің меңгерушісі Марат Қанжығалин.

 

Бұл ретте, жігіттердің мәселелеріне бірден назар ауды. Юрийдің сөзінше бопсалау бойынша іс бәсеңдеген. Енді оларға тергеу кезінде қысым көрсетілгендігі, яки жоқтығы тексерілуде.

 

- Осы дерекке сәйкес қазіргі уақытта ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл адам Павлодар қаласының тұрғынынан ақша бопсалады деген күкке ілінген,-деді Павлодар қаласы ПБ бастығының орынбасары Айдос Исаев.

 

Айта кетейін, Дмитрий Парушь жұбайымен бір қыз тәрбиелеп отыр. Әйелдің қазіргі бар үміті жолдасының аман қалуы.