• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда дәрігерлер биіктен құлаған балалардың жағдайы туралы айтты

Павлодарда дәрігерлер биіктен құлаған балалардың жағдайы туралы айтты

 

 

Павлодарда ақ халаттылар 30 шілде күні подъезд терезесінен құлаған әйел мен екі кішкентай баланың жағдайы әлі ауыр екенін айтты деп хабарлайды irbistv.kz.


- 2024 жылы туған баланың жағдайы ушығып, ішкі қан кету басталып, езіліп кеткен сол жақ бүйрегін алып тастауға тура келді. Одан бұрын операциялық үстелде жүрегі тоқтап қалды, жансақтау шаралары нәтижесінде жүрек қағысы қайта қалпына келтірілді, таңертең баланың жағдайы тұрақты ауыр болғандықтан жасанды демалу аппаратына қосылды - деп хабарлайды Павлодар облысы балалар ауруханасының баспасөз қызметі.

 

Ал екінші жапа шегуші 2017 жылғы баланың жағдайы да тұрақты ауыр дейді дәрігерлер. Есін біледі және өзі демалып жатыр.

 

Павлодардың бірінші қалалық ауруханасында жатқан әйелдің, яғни балалардың анасының да жағдайы тұрақты ауыр. Оның аяқ-қолы сынған, есін біледі, жансақтау бөліміне орналастырылған.

 

Естеріңізге сала кетсек, 30 шілде күні сағат 13:00-де жедел жәрдемге биіктен құлау туралы шақырту түскен. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеді. Кейін әйелдің терезеден екі баласын лақтырып жіберіп, сосын өзі секіріп кеткені белгілі болды. Павлодар облысы полиция департаментінде дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

 

Фото: Freepik.com